04.02.2024
  18


Автор: Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған І тоқсандық  диктант


 


Мақсаты:  Мемлекеттік  білім стандартының орындалу барысын тексеру


 


Үлкенді сыйлау


 


Үлкенді сыйлау - қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз  басқа адамдарды да сыйлай алмайды.  Ата-ана баланы дүниеге  келтіріп, өмір  береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді.  Есейген  бала  ата-анаға қамқоршы болуға  жараса – жігіт  болғаны. Ата мен ананың  қартайғанда бойынан күші  қайтады. Бірақ  олардың ақылы,  көпті көрген  тәжірибесі отбасына үлкен көмегін  тигізеді. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отыру керек. Ата-ананы  сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың тәжірибесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.


                                                        (9с. Қазақ  тілі оқулығы.95 сөз)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу