04.02.2024
  18


Автор: Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы.


 


Мақсаты: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай  білу және сауатты жазуларын қадағалау.


 


Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас


 


Адамзат  жаралғалы бері, ана тілі адамгершілік айнасы болып келеді. Ана тілі - әр халықтың  өзінің  төл белгісі. Өз халқына қызмет ету үшін, алдымен ана тілін жетік білу қажет. «Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас. Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жарытпас», - деген қанатты сөз бар. Бұл сөзді қырғыз ақыны Сарноғаев айтқан. Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де  сүйе біледі.


«Ақын болу – міндет емес, азамат болу - парызың», - дейді. Азаматтық дегеніміз – ана тілін ардақтау. Біздің  халқымыз тілге кедей емес. Халқымыздың тілдік қоры өте бай.  Тіліміздің байлығын  ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіл байлығы -  рухани байлық.


                                      (Қазақ тілі мен әдебиет журналы 5/2005, 92 сөз)


 


  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:


 


ІІІ деңгей.



  1. Мәтіннен тәуелдік және септеулік жалғаулы сөздерді теріп жазып, оның жағы мен септігін анықтаңыздар.

  2. Берілген сөздердің синонимдік қатарын жазыңыздар.


І нұсқа- азамат, ел, қажет.            ІІ нұсқа-халық, ана тілі, алдымен.



  1. Ана тілің – арың бұл,


Ұятың боп тұр бетте.


Өзге тілдің бәрін біл,


Өз тіліңді құрметте! – өлеңінің авторы кім?


 


ІІ  деңгей.



  1. Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңыздар


І нұсқа- адамгершілік, жаралғалы.         ІІ нұсқа- азаматтық, халқымыздың.



  1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.


І нұсқа - Ана тілі - әр халықтың  өзінің  төл белгісі.


ІІ нұсқа - Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де  сүйе біледі.


 


І деңгей.


Ана тілі тақырыбына 4-5 мақал – мәтел жазыңыздар.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу