Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  46


Автор: Жібек Ысқақова

ҚҰТТЫ БОЛСЫН БҮГІНГІ — БІЛІМ КҮНІ

Кұтты болсын бүгінгі — Білім күні,
Шырқалатын әуезді ән мен жыры.
Жаңа оқу жылы бұл сыйласын тек,
Жақсы оқитын оқушы, білімдіні.
Әр баланың сабағы жақсы болсын,
Шәкіртіне ұстаздың көңілі толсын.
Ата-аналар қуанып баласы үшін,
Болашаққа бастайтын сенім болсын!
Қуантсын тек биылғы оқу жылы,
Оқушының сәтті өтіп әрбір күні.
Ұстаздардың еңбегі жанып лайым,
Қуанышқа кенелсін әрбір жылы.
Білімді ұрпақ біздердің байлығымыз,
Жарық берер аспанда Ай, Күніміз.
Ел бастайтын көбейсе саналы ұрпақ,
Арта түсер біздердің жайлығымыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу