Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  98


Автор: Жібек Ысқақова

Әкім Ысқақ ағаның “Алтыным” кітабының желісі бойынша


Алтыным!
Өмірді сүй! Өзіңе сен!
Адамдарды құрметте! Қателеспе!
Түсінетін жандарға бұл өмірде,
Қағидамыз ең басты, осы емеспе?!
* * *
Алтыным!
Көңіл отын тұтандырар,
Жағымды сөз, жағымды ой.
Санамызды улайтын,
Жаман әдет, бәрін жой!
* * *
Алтыным!
Адамдарға мейрім керек,
Жетпейтіні де — мейірім.
Мейрім барда құлатпайсың,
Адамдығыңның пейілін!
* * *
Алтыным!
Адамдарды қуантайық,
Жүзіне шаттық сыйлайық,
Жақсы сөз жанның азығы,
Жақсылықты жырлайық!
Жақсы сөз, көңіл сыйлайды,
Жаманға көңіл бұрмайық!
* * *
Біле білсең әр адам,
Жылы сөзді іздейді.
Жылы сөзден нұрлана,
Қиындықты сезбейді.
 Әрбір адам қуана,
Әр сөзіңнен нәр алса,
Сенің бейнең адамдық,
Бақыт сенен безбейді!
* * *
Жымия түс, шаттана түс!
Әрбір сәттен бақ таба түс!
Өзгеге кінә артай сен,
Қуанышты сәт таба түс!
Мейріммен қарап бар жанға,
Жақсылық ісін атқара түс!
Тамаша өмір біле білсең,
Күннен күнге жақсара түс!
* * *
Шаттығың тасып тұрғанда,
Төмпешік тау боп көрінер!
Көңілің пәс боп түскенде,
Жоқ болып тауың сезілер!
* * *
Алтыным!
Ең әдемі қандай сөз, білесің бе?
“Айналайын” сөзі айтқан Аналардың.
Шынайы сөз жүректен шыққан әрбір,
Жаны жайсаң жандарға арналатын…
***
Алтыным!
Қазыналы “алтын сандық” өмір-деген,
Сандық кілті кез келгенге берілмеген.
Зерделі де зерек жандар кілтке айналар,
Аша алатын сандықты мейірімменен…
 * * *
Алтыным!
Тырнақ асты кір іздеп, қаралама,
Адамды бір-бірінен алалама!
Кемшіл тұсын айқындап, өсек етіп,
Адамдарды іріктеп, саралама!
Жақсы көріп, түсінгін барша жанды,
Адам жанын түсінер адам ғана!
Жақсы көрсең адамды, өмір сонда,
Жақсы көрер, бақ сыйлап саған ғана…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу