Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  154


Автор: Жібек Ысқақова

ТҮРКІСТАНЫМ — ТҰРАНЫМ

Түркістаным — Тұраным,
Сенсің мәңгі тұрағым!
Өзің барда Түркістан,
Таусылмайды жыр, әнім!
Түркістаным — Тұраным,
Сусындайтын бұлағым!
Жайып кеңге қанатын,
Биік самғар қыраным!
Түркістаным — Тұраным,
Саған құрмет қыламын!
Яссауидің мекені,
Баға жетпес тұмарым!
Түркістаным — Тұраным,
Сенен медет сұрадым!
Ер түріктің бесігі,
Сенсің менің ұраным!
Түркістаным — Тұраным,
Өзіңді ойлап тұрамын!
Сағынамын өзіңді,
Сенен кетсем бір адым!
Түркістаным мекенім,
Сенен қалай кетемін?!
Рухани сен астанам,
Көңілге ту етемін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу