Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  35


Автор: Жібек Ысқақова

КІТАПТАР ӘЛЕМІНЕ

(«Кітаптар әлемінде» жобасының жетекшісі
Салтанат Әбдіғалиға)
Кітап алып, кеме алып,
Кетті айнала нұрланып.
Қыз қарап тұр жұлдызға,
Кітаптағы жырды алып.
Сезді лебін кітаптың,
Баға жетпес құнды анық.
«Оқиық» деп қояды,
Шын жүректен жар салып.
Шақырады оқуға,
Көңілге оны тоқуға.
Кітапқұмар адамдар,
Кітапты алып оқуда.
Қыз еңбегі орасан,
Кітап оқы қаласаң.
Алып кеме ішіне,
Ойланбастан бара алсаң.
Ол кемеде орын көп,
Жалқаулықты жеңе алсаң.
Көшбасшысы бар оның,
Қолдап, оған ере алсаң.
Кітап оқып жастарға,
Білгеніңді бере алсаң.
Қыз еңбегі ақталар,
Жұлдыздайын жана алсаң.
«Кітапқұмар» әлемі,
Бар тәртібі, әдебі.
Сыйластықта үн қатар,
Көшбасшы қыз әдемі.
 Ақындар бар бастайтын,
Салтанатты қоштайтын.
Жазушылар тағы бар,
Қиындықта саспайтын.
Бір кемеде бас қосқан,
Игі жандар ап-айқын.
Білімді жас көбейсін,
Ел үмітін ақтайтын.
Тілекшіміз біздер тек,
Сыйластықты жақтайтын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу