Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  33


Автор: Жібек Ысқақова

БІР АУЫЗ СӨЗ

Бір ауыз сөз — жанарыңды мұң қылар,
Көңіліңді түсірердей үн қылар.
Жан дүниеңді бей-жай күйде қалдырып,
Өміріңді қызықсыздау қылдырар.
Бір ауыз сөз — қуанышқа бөлейді,
Күн нұрындай шуағымен тербейді.
Мұңға батқан көңіліңді көтеріп,
Тайғанақтап құлауға жол бермейді.


Бір ауыз сөз — алға қадам бастайды,
Қиындықтар келсе де еш саспайды.
Қуатты қып, сенім беріп жаныңа,
Сенімсіздік көңіліңді баспайды.
Бір ауыз сөз — жақсылыққа жол ашар.
Аузың кеуіп шөлдегенде шөл басар.
Бұл өмірден күдеріңді үзгенде,
Демеу сөзден күйбең өмір жалғасар.
Бір ауыз сөз — бұл жаныңды нұрлы етер,
Өміріңді мағыналы, құнды етер.
Әрбір сөзден көңіл-күйің сөйлейді,
Көңіліңді күйге қарай түрлі етер...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу