09.12.2023
  157


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылда шаттана

Жаңа жылда шаттана,
Жадырасын жаныңыз.
Көңіліңіз жадырап,
Таусылмасын әніңіз.

Бұл жаңа жыл сыйласын,
Шуақ шашар ақ таңын.
Жаныңызды тербейтін,
Хош иісті бақтарын!

Жаңа жылда жаңаша,
Табыстарға жетіңіз.
Саулығыңыз мықты боп,
Асулардан өтіңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу