Өлеңдер ✍️

  09.11.2023
  422


Автор: Қабиден ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

ҰЛЫМ МЕНІҢ, ҚЫЗЫМ МЕНІҢ

Байлығым, қызым менің, ұлым менің!


Жанымды жадыратар құлын демің.


Кеудемді көтеремін көкке ұмтылып,


Жатса да ауыр-батпан көңілде мұң!


 


Арыным асау тайдай басылғанда,


Жігерім құм боп жерге шашылғанда.


Айығам барша дерттен, шаршап өткен,


Ұл, қызым мойныма кеп асылғанда.


 


Ұл, қызым мойныма кеп асылғанда,


Жанарым жарық күндей ашылғанда,


Жүрегім гүлдей жайнап құлпырады,


Табылмас артық бақыт осыдан да.


 


Жабықтым дей алмаймын мен сендерге.


Көзімнен жасырын мұң көрсеңдер де.


Тірліктің тірегіндей,  құлындарым,


Сүйенем мен сендерге теңселгенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу