Өлеңдер ✍️

  11.10.2023
  181


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Бақыт деген

Бақыт жайлы таусылмайды әңгіме,
Бақыт жайлы толастамас талас еш.
Біреу — "бақыт ішкі үйлесім,​ сезім"- дер,
Біреу үшін бақыт деген тәтті елес!

Біреулерге бақыт деген сүйген жар
Біреулерге ұл менен қыз, бауырлар.
Ал біреуге ата-ананың саулығы,
Мүгедекке бақыт деген мүше әр.

Біреулерге бақыт деген бостандық
Біреулерге бақыт — ақша,​ һәм байлық.
Біреу үшін — тірі жүру жер басып,
Туған жердің топырағынан нәр алып.

Мұсылманға нағыз бақыт сәждеде,
Тәтті дәмін құлшылықтың сезуде.
Жаратқанды танып-біліп,​ зікірлеу —
Дайын жүру айтпай келер өлімге!

Ал мен үшін бақыт әрбір нәрседе,
Шүкір ету аман өткен әр күнге.
Көмек беру, күлімсіреу, пәк жүру,
Зияныңды тигізбестен ешкімге!

09.05.2022




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу