Өлеңдер ✍️

  25.09.2023
  200


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Желідегі жел сезім

«Күйеуі барлар қарайды,


Күйеуі жоққа күдікпен!»


 


 


 


 


Бір қызық…


Желідегі жеңіл хаттар,


Бірі-жат, ал біреуісі сенімді ақтар.


Кей-кезде «смайликтер» сыр білдірсе,


Бірінің өлеңдері береді ақпар.


 


Шын ғашық адамдардың хəлін құпта,


Жаңылып, адамдықтың арын жықпа.


Күдікпен өмір сүрер заман болды,


Көз сүзіп жүрме екен деп, жарын сыртқа?!


 


Кейбірі, ет-жүрегін үшке бөлмей,


Махаббат деген сиқыр күштегендей.


Самайын ақ шалғанда аңырап жүр,


Қырқында, «қырқын шашы» түспегендей.


 


Сыйғызып сыр біткенді ойдағы бар,


«Музасын» кейбіреулер қоймады дəл.


Жыланып, ия, жұлқынып өлең жазар,


Күйеуі бар немесе бойдағы бар.


 


Терлесе текті жырмен тебінгісі,


Тақ тұрам, емес-ау деп, тегін кісі.


Сонда да «Мəжнүн» жырлар басымдау ғой,


Келмейді, бейтарапта берілгісі.


Желіні жылаңқы өлең жаулайтындай,


 


 


Ақынды жаншып кеткен, ненің күші?!


 


Үкілеп қалам ұстап үмітпенен,


Соңынан жақсы өлеңнің жүріп келем.


Кей-кезде тұла бойым дір етеді,


Біреулер қарай ма деп, күдікпенен.


Ғашықтар, абайлаңдар желідегі,


Бір сөзден шығады ғой, бүлік деген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу