Өлеңдер ✍️

  25.09.2023
  76


Автор: Мехнат Теміртасқызы

«Айтжан Амировке... »

«Мұңайма қыз» дедіңіз жаңа маған,


Мен əйтеуір, көп сөзден жараланам.


Тағдыр емес, адамдар арасында,


Не істесем, өлеңім қалады аман?!


 


«Қайратты бол» дейсіз бе қажымаған,


Шуақ төкпес, сезімнің жазы маған.


Укі қызды үсітпей қояды ма,


Қаратаудан соққан жел азынаған.


 


Батпан бақыт береді теңіздей кім,


Сезінгенге өлеңмен егіздеймін.


Жылы жаққа кетпеген жыл құсындай,


Қар астынан, дамылсыз жем іздеймін!


 


Қыздың жолы, қалайда бөлек екен,


«Сенім керек» дедіңіз.


Сенеді екем, Қолын созар,


Жолдардың қысаңын да…


Ниеті оң,


Бір адам керек екен!


...Керек екен!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу