Өлеңдер ✍️

  25.09.2023
  64


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Сырластық...

Сырластық....


Сізді мен,


Досымдай сезінем,


Түндерде...


Талықсып,


Қия алмай көз ілем.


Білмедім, кімге мұң


Кім үшін қуаныш,


Ұнатып қалғаннан


Саумын ба... тегі мен?!


Сырласу, мұңдасу,


Бір бақыт сенімен.


Өзімнің ойымнан,


Тек өзім жеңілем.


Бұл қалай,


Мен сізді,


Тағы іздеп отырмын желіден?!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу