Өлеңдер ✍️

  25.09.2023
  422


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Желтоқсанның жарасы

Мына көше,


Мына алаң,


Мына жер,


Ширек ғасыр бұрын болған қырғынға.


Өшпейтұғын куəгер.


Бүтін елдің бірлігі үшін,


Өз Отан, өз түңлігі үшін,


Тура мінез тектілікпен,


Мың жылда бір туады ер!


Мына алаңда,


Жан төзгісіз азаптар,


Қызыл қанға боялғанды қасат қар.


Өз халқын сүйгені үшін,


Өзге ұлттың сойылынан,


Өлім құшқан, Қазақтар!


Мына алаңға,


Шыққан елдің əрбірінде күй бөлек.


Суық ызғар, суық қару жатсадағы түйрелеп.


Өз Отанын сүйгені үшін,


Қазақ қыздың бұрымынан,


Кетті əлде кім сүйрелеп.


Мына алаңда,


Өшіре алмас отқа айналып жанғандар.


Өз Қазағын қорғау үшін,


Айыпты боп қалғандар.


Көкбайрақтың көк жүзінде желбіреуі үшінде,


Осы алаңның ортасында,


Кеуде тосып қорғасынға,


Қыршынынан қиылғанды армандар!


Тəуелсіздік солай келген,


 


 


Күткен көп...


Өксітсе де, өткен күнге өкпем жоқ.


Мына алаңда өшпейтұғын тарих бар,


Ақиқат бар, ашылмаған ғайып бар.


Тұрғанымен азат күнім, көктем боп,


Желтоқсанның жарасы əлі біткен жоқ!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

13.12.2023 17:29
Мехнат Теміртасқызының өлеңі өте керемет орынды

Пікір жазу