Өлеңдер ✍️

  25.09.2023
  93


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Сіздің жүрек

Сіздің жүрек ерекше таза екен,


Мен ендеше, сол жерді мазалы етем.


Есігіңді айқара ашар болсаң,


Бақытыңды еселеп, базарлы етем.


Сынық мінез танытып сыр бермесең,


Сезімімнің алдында жазалы етем!


 


Сіздің жүрек өр екен, өктем екен.


Мазалайтын адамдар көп пе бөтен.


Қар қылаулап тұрса да қабағыңда,


Күн боп кіріп, жаныңды көктем етем.


Жанарымда телегей теңіз жатыр,


Тұңғиыққа шым батып, кетпе «көкем».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу