Өлеңдер ✍️

  25.09.2023
  74


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Жүрегімнің төресі

Жаным, менің жырларымды дəлдеп ұқ. Жүрек осы,


Құям десең сəуле-құт!


Тағы сезім, шалғайыңа жабысты, Бұл не деген — əурелік!


 


Келеме деп, Күтуменен шалғайдан,


Шыдамсыз ой, ашты тағы шар майдан! Күлдір-күлдір кісінеткен күміс жал, Күреңменен келермісің,


Əй, қайдам?!


 


Өкпелейсің, енді несін сөгесің! Мен бақытты боламын ғой, Көресің!


Мыңжылқының маралына айналам, Көктеп алып жүрегімнің көбесін.


 


Өзімді-өзім жұбатамда сенделем, Көзге ілмей «көк аттыны көлденең». Қасымда бол,


Жүрегімнің төресі! Сен болмасаң,


Шықпайды екен жөнді өлең!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу