Өлеңдер ✍️

  25.09.2023
  201


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Сағынатын да болармын

Себепсіз келген сезімге,


Бағынатын да болармын.


Аңсай беруден үмітсіз,


Жалығатын да болармын.


Жапырақтарын күзімнің,


Жамылатын да болармын.


Адасып келген бақыттан,


Қағылатын да болармын.


Өшіре алмай жүректен,


Қамығатын да болармын.


Кірпіктеріңе мұң болып,


Тағылатын да болармын.


Сағымнан іздеп бейнеңді,


Сабылатын да болармын.


Жетейін десем жете алмай,


Сағынатын да болармын...


 


Ақ боз ат арман иесіз,


Кекілін желге билетіп.


Шегенің жыры айтылмас,


Домбырасынан күй кетіп.


Төлеген қайда кететін,


Сүюдің парқын үйретіп.


Ақ Жайық əкет мұңымды,


Тау менен тасқа сүйретіп..!


Тау менен тасқа сүйретіп..!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу