Өлеңдер ✍️

  23.09.2023
  52


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Сенемін

Сыңарым.
Жүректің тыңда, бір əнін.


Өзіңе деген, сезімнің,


Білмедім, немен тынарын.


 


Айдыным,
Дəмін де сезбей қайғының.


Қарлығаш сынды қалықтап,


Қанатыңды маған жай күнім..!


 


Серігім.
Ұнайды неден лебізің.


Дəл мендей сені сағынып,
Дəл мендей, сүйер сені кім..?!


 


Жарығым,
Бөлшегі өзің жанымның.


Себепкері де өзіңсің,


Жайқалуына бағымның.


Керегім.
Мына өмірдегі сен едің.


Өзіңсіз кетсем жоқ болып,


Сұрама оның себебін.


Өзіңе ғана сенемін..!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу