![]() |
|
![]() |
Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.09.2023
205

Ыстық ұя отбасың
Ыстық ұя отбасың,
Бар жылуын беретін.
Әрқашанда бір-бірін,
Қолдап әркез жүретін.
Ыстық ұя отбасың,
Қадірін біл әрқашан.
Сыйла әрбір мүшесін,
Таң қалардай барша жан.
Ыстық ұя отбасың,
Төгер әркез арайын.
Жанұя ол шаттығың,
Берер бақтың талайын.