Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  63


Автор: Шөмішбай Сариев

Испан тілі

Испан тілі – Испан екен расында,
Қайталанбас бір туатын ғасырда.
Испан ұлты туған тілін аялап,
Туған халқы айналдырған асылға!
Испан тілі – сәйгүліктей жүйрік тіл,
Баурайды екен әр жүректі үйіріп тіл,
Испан ұлтын ұйытқан да байытқан,
Адамына Тәңір берген бұйрық бұл.
Өзге тілге бас бұрмайтын керексе,
Өз тіліне қарайтұғын бөлекше,
Ұлы халық Испания – Испан ғой!
Испан тілін қастерлеумен ерекше!
Туған тілмен көтерілген сонша бой,
Туған тілмен тағдырды ойлап тоңса ғой.
Испания бақытындай ерекше,
Сондай бақыт бізге де бір қонса ғой...

9 маусым 2014 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу