Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  43


Автор: Шөмішбай Сариев

Сеул саздары

Сеул саздары,
Кеудемде маздады.
Бұл да бір тәуір қолдап,
Тағдырдың жазғаны,
Жеті қат кеудемнен,
Қазына қазғаны.
Кеудемнің көктемі,
Жанымның жаздары,
Кеудемде маздады –
Сеул саздары.
Бір сезім биледі,
Кеудемнің күйлері.
Сеулге ең алғаш
Табаным тигені.
Табылды алдымнан
Жанымның сүйгені.
Кеудемнің күйлері
Сеулде сағыныш,
Бір сезім биледі.
Сеулдің саз әні,
Кең дала қазағы.
Қазына қазады.
Жүрегі жырлайды
Жүрегім жазады.
Бір ойлар толқындай
Алса да мазаны.
Алдында ғажабы
Келеді Сеулде
Кең дала қазағы!..».
Кеудемде маздады
Сеул саздары...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу