Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  73


Автор: Шөмішбай Сариев

Тағдырыма тауқыметпен таластырған

Тағдырыма тауқыметпен таластырған,
Өмір ме өзен жолын адастырған.
Көктемім келіп еді құстарменен,
Іздерім шыға келді қар астынан.
Ескегін көк аспанда жүрген есіп,
Көктегі бұлттарменен бірге көшіп.
Асығыс ғұмыр кешіп бәйшешектер,
Көктемім шыға келді гүлмен өсіп.
Құстармен бірге көкке самғап арман,
Қол бұлғап арбағандай арман алдан.
Сай-қыры, жыралары алып-қашып,
Сөйледі көктем өмір жылғалардан.
Тау-өзені мойындамай еш қамалды,
Қызғалдақ қырат-белді төске оранды.
Іздеуім шыға келіп қыр астынан,
Өткен бар бақытты шақ еске оралды.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу