Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  108


Автор: Шөмішбай Сариев

Бәйгелерде дес бермей

Бәйгелерде дес бермей,
Оза шауып, төске озған.
Бар қуатын ескермей,
Көкке қолын кеш созған.
«Сенсің» деді, «сен» деді,
Жолыққанда бір ағам.
Аққу жүзген көлдегі,
Өлеңдерім ұнаған.
Не деу керек бұл сөзге,
Үнсіз ғана тыңдағам.
Мақтау айтқан құр сөзге,
Талай мәрте шыдағам.
Кімге қонар баян-бақ,
Еңселі терек, қайыңдар.
Мақтау сөзге аялдап,
Тұрып та қалған жайым бар.
Айтқан сөзге сенер ек,
Қолды дағы кеш созбай.
Ақын болып не керек,
Оза шауып төске озбай!..
Аққуды көріп көлінен,
Жүзіп жүріп жеңер ек...
Әйелді сүймей бәрінен,
Ақын болып не керек?!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу