Өлеңдер ✍️

  04.09.2023
  46


Автор: Шөмішбай Сариев

Өз күшін өзі болып байқап алғаш

Өз күшін өзі болып байқап алғаш,
Тұлғалар қалды өмірде қайталанбас.
Абай мен Пушкин ақын дәл осылай
«Қайталанар» деп ешкім айта да алмас.
Кәдімгі қасиетімен сүйікті олар,
Ел-жұртын ерек үнмен ұйтты олар.
Абайдан Абай ғана асып түсер,
Пушкиннен Пушкин ғана биік болар.
Жыр етіп күнді қиын, жылды да ауыр,
Жүрекке жетіп барып тынды дауыл.
Сонымен Пушкин болып қалды Ғасыр,
Сонымен Абай болып тұрды Дәуір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу