Баталар ✍️

  27.08.2023
  634


Автор: Тұсаукесер тойы

Тұсаукесер батасы

Тұсауын кескен бүгінгі,
Құтты болсын баланың!
Тәй-тәй басқан балапан,
Сәтті болсын қадамың!
Асулардан аса бер,
Болып сенім, талабың!
Алға қадам баса бер,
Шаттық сыйлап бала күн!
Сүрінбегін ешқашан,
Бақыт беріп жаңа күн!
Денсаулығың мықты боп,
Бұл өмірің жайнасын!
Көтеріліп көңілің,
Бұлбұл құстар сайрасын!
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсыны көре бер!
Оқу оқып әрдайым,
Білім, ілім тере бер!
Аман болып жақының,
Жүзіңді мұң шалмасын!
Қуаныш пен шаттығың,
Таба берсін жалғасын!
Әрбір күнің тек саған,
Сәттілігін арнасын!
Қандай сындар болса да,
Қиындықтар болмасын!
Құтты болып қадамың,
Жаратқаным қолдасын!
Бірге жүрер достарың,
Адал болсын жолдасың!
Өмір саған лайым,
Жарсылығын қамдасын!
Ашық болып аспаның,
Тәтті болсын таңғы асың!
Бақыт, шаттық, мерекең,
Таба берсін жалғасын!
Әумин!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу