Өлеңдер ✍️

  27.08.2023
  82


Автор: Шөмішбай Сариев

Болады дейсің не деуге

Болады дейсің не деуге,
Жыр жаздым бүгін Медеуде.
Таппадым іштей асыл сөз,
Медеуді неге теңеуге?!
Айтсам бір сырды жасырмай,
Далама қарап асылдай.
Медеу бұл — тал-тал шашы өскен,
Даламның ойлы басындай.
Медеуде түрлі бастар бар,
Бастарда биік асқар бар.
Сан ғасырлар көздері,
Құпия жұмбақтастар бар.
Медеуде өзен ағыс бар,
Озатын толқын жарыс бар.
Рекордтардың Медеуі,
Қазаққа біткен намыс бар.
Жайқала өскен тұнып тал,
Ғажайып сұлу ғұрып бар.
Армандай биік Алатау,
Медеуде үлкен үміт бар.
Үмітпен келдік Медеуге,
Сөз де жетпес теңеуге.
Ғажайып дүние айдала,
Болады бұған не деуге?!
Білмей де қойдым не деуін,
Таппай да қойдым теңеуін.
Үміттің ұлы шыңдары,
Медеуім менің, Медеуім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу