26.07.2023
  824


Автор: Баланы қырқынан шығару

Баланы қырқынан шығару, әже тілегі

Шығарайық қырқыңнан,
Жаратқаным жар болсын!
Қызғалдағым, гүл қызым,
Шуақты атар таң болсын!

Желбіресін тұлымың,
Ұзақ болып ғұмырың.
Жайқалып сен өсе бер,
Биік болып тұғырың.

Тырнағыңды алайық,
Басыңа бақ қонсын деп.
Шашыңды да алайық,
Шаттығың көп болсын деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу