26.07.2023
  294


Автор: Баланы қырқынан шығару

Баланы қырқынан шығару, аға тілегі

Тырнағыңды алайын інім менің,
Күлімдесін деп әркез жүзің сенің.
Шашыңды да алайық ниет етіп,
Бітпесін деп әнің мен жырың сенің.

Денсаулығың зор болсын әрқашанда,
Мойымағын қамығып,  шаршасаң да.
Батыл болғын Бауыржан атамыздай,
Қамқор болып әрдайым барша адамға!

Қуанышты өтсін сенің балалығың,
Шаттықты боп жан інім бала күнің.
Абыройлы,  білімді, оқымысты,
Парасатты, құрметті болғын  інім! 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу