26.07.2023
  378


Автор: Баланы қырқынан шығару

Мақтаны бол еліңнің

Шығарайық жан балам,
Бүгін сені қырқыңнан.
Тырнағыңды алайық,
Жақсарсын деп түр тұлғаң.

Алайықшы шашыңды,
Бол деп бөпем ғұмырлы.
Шомылдырсын ақ жеңгең,
Бол деп сәнді,  тұлымды.

Қажырлы бол,  ел сүйгіш,
Елдің қамын ойлайтын.
Ұлтыңды сүй,  тіліңді,
Ел мейрамын тойлайтын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу