Өлеңдер ✍️

  14.07.2023
  125


Автор: Серікбай Оспанов

Күндеріміз   қыдырып   баққа   барған...

Күндеріміз   қыдырып   баққа   барған –


Аяулым-ау,  пәк сезім,  аппақ арман.


Сенің   әрбір   сөзіңді,   қылығыңды,


Мінезіңді   жүрегім   жаттап   алған.


 


Сенсіз жылап таңдарым атпақ па әлі,


Жылыта  алмас шілдесі,  аптаптары.


Қөз алдымда –


Ерніңе   қона   қалып,


Еріп кеткен сол қыстың аппақ қары.


 


Уақыт-ай,   бұлтарып,   бұлаң  қаққан,


Екеумізге  сол  ғана  құрған  қақпан!


Көз алдымда –


Шеттегі тар көшелер,


Аппақ қары табанда жылап жатқан.


 


Әрі жақын,  әрі  арман қашықтағы –


Өзің   болдың,


Ол бірақ жасытпады.


Сонау  бір  күн  қар  жауған


Келсе   қайтып


Екеумізге   шашуын   шашып   тағы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу