Өлеңдер ✍️

  14.07.2023
  73


Автор: Серікбай Оспанов

Жерге де түстің, көкке де көштің...

Жерге де түстің, көкке де көштің,


Сонда да саған өкпелі емеспін.


Жазда да, Күзде, Қыста да барсың,


Махаббат, жалғыз көктем емессің!


 


Жалт берсе жасық жанымдағылар,


Сен сүйеп қалдың шағымда құлар.


Егіздей болып жетеледің-ау,


Енгізбей мені сағымға мұнар...


 


Қосылып сені жоқ дегендерге,


Көз жасты көл ғып төккен ем мен де.


...Көктеген Елге сенбеймін енді,


Махаббат құшып, өппеген жерде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу