Өлеңдер ✍️

  13.07.2023
  45


Автор: Серікбай Оспанов

Көңілім көгалды...

Көңілім көгалды


Еді ғой кешелер.


Көгалы жоғалды,


Көріктім, кеше гөр!


 


Бұл өмір түнерді,


Сенімім жоғалды.


Жанымның мұң енді


Серігі боп алды.


 


Өлтіреді өтірік,


Нанбасқа нанасың.


Сен мені өлтіріп,


Тірілтіп аласың.


 


Көрдім ғой төзім боп,


Мұп-мұздай үй мынау.


Сенім жоқ, сезім жоқ,


Жылыту қиын-ау...               




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу