Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  44


Автор: Серікбай Оспанов

Жұрт

Сабат ауа, сазды жер жекен өскен,


Биыл қалай ауылы ерте көшкен?!


Сыңар кетті-ау, қосылып ән сала алмай,


Шыдам кетті-ау, шықпай тұр еркем естен.


 


Сарнайды кеп сарғайған зағыпыран,


Белес – тұман,


Ой – тұман,


Бәрі тұман.


Самғап ұшқан алысқа аққуым-ай,


Қалмадың ба айрылып бағытыңнан?!


 


Кінәлідей бас иіп тұрды шилер,


Жатыр небір тартылып мұңды күйлер.


Қуанғаным –


Сап-сары, дөп-дөңгелек


Күн суретін салыпты киіз үйлер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу