Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  50


Автор: Серікбай Оспанов

Кездестің маған болып мұң...

Кездестің маған болып мұң,


Арманды оймен алыстым.


Сенімен неге жолықтым,


Сенімен неге таныстым?


 


Жарқ ете қалып жасындай,


Ғайып боп кеттің сен неге?


Аспан  тұр  бұлттан  ашылмай,


Көлеңке түсті бөлмеме.


 


Іздеймін қайдан,


Білмеймін.


Беймәлім жөнің, тұрағың.


Күні-түн кірпік ілмеймін,


Түк естімейді құлағым.


 


Тек өзің ғана ойымда,


Дыбыссыз бәрі кинодай.


Көктем - өзені бойында


Кездесе кетші қинамай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу