Өлеңдер ✍️

  07.07.2023
  40


Автор: Серікбай Оспанов

Жоғалды ізі көңілсіз айларымның...

Жоғалды ізі көңілсіз айларымның,


Шабыт атты шапшыған тайға міндім.


Жырымды бір сынатып алмақ едім,


Әбіқайдай дүлдүлі қайда жырдың?!


 


Нұрлы жанар, от тілді Нұрхан қайда,


Інісін бұл көргенде бұрқанбай ма?!


Гүл солғанмен орнына гүл шықпай ма,


Ақын өлсе соңында жыр қалмай ма?!


 


Шықпайды олар алдымнан неге бүгін,


Тағы, міне, көңілге келеді мұң.


...Мазалайды жанымды


Аталардың


Бола алдым ба жалғасы өлеңінің?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу