Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  101


Автор: Серікбай Оспанов

Шілдеханада

Үй иесі қарсы алып,


Тимей жүр жерге табаны.


Құралай көз қыз ән салып,


Бастады шілдехананы.


 


Ақ білектер айқасты –


«Сақина салмақ» ойнадық.


Жанарлар жарқ-жұрқ шайқасты,


Әркім бір мақсат ойға алып...


 


Самаурын қайта қойылды,


Тағы да әкеп қой соймақ.


Ойынға жалғап ойынды,


Кеттік енді «Көрші» ойнап.


 


Қалаймын дейсің көршіңді,


Бермейді саған ол қу да.


Аласың сосын өшіңді


Бұйырып дүре соғуға.


 


...Білеуленіп қолдарың,


Қыз үшін таяқ жегенің –


Шын ғашық оған болғаның,


«Сүйемін сені!» дегенің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу