Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  36


Автор: Серікбай Оспанов

Сонау көрінген қыратта...

Сонау көрінген қыратта,


Жанары толып сан сұраққа,


Анашым мені кіл арқалап,


Тесіле қарайтын жыраққа.


 


Сол сәтте мұнартып алыстан,


Тек жазық жататын шаңы ұшқан.


Елестеп кететін көзіме


Сағымдар адам боп алысқан.


 


Секілді  тұғыры ол арман,


Әркімнің үміті бола алған.


Өйткені сол жақтан көп адам


Шинелін арқалап оралған.


 


Күн күліп қараса көгімнен,


Қып-қызыл гүл-шашу төгілген.


Өйткені салт атты адам боп,


Жеңіс те сол қырдан көрінген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу