01.07.2023
  55


Автор: Құрбан айт

Құтты болсын Құрбан айт асыл Аға!

Құтты болсын Құрбан айт асыл аға,
Айттан айтқа жетіңіз амандықта.
Жаратқаным жар болып лайым әркез,
Жол бермесін ешқашан жамандыққа.

Көңіліңіз шад-шадыман күйге енсін,
Әрбір айтта жанданып жаныңыз бұл.
Ағатайым аслым аман болшы,
Шырайлы атып әр атар таңыңыз бұл.

Орындалсын арманыңыз сіз аңсаған,
Жаратқаным жар болып өзіңізге.
Саулығыңыз мықты боп ағатайым,
Нұр ойнасын шаттықты жүзіңізде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу