01.07.2023
  46


Автор: Құрбан айт

Келді міне Құрбан айт құтты болсын!

Келді міне Құрбан айт, құтты болсын,
Ниет етіп құрбандық жасағандар.
Қабыл болсын ниетіңіз, дұғаңыз бұл,
Ниеттеніп бұл күні жасаған бар.

Құрбан айтта дұға қып, құран оқып,
Әруақтарға бір әумин, қабыл болсын!
Ынтымақ пен сыйластық жалғап таңды,
Жорытқанда жақсылар жолың болсын!

Айттан айтқа аман-есен жетіңіздер,
Шаңырақта шаттықты күй ойналып.
Жаратқаным амандық, саулық берсін,
Ораза айт, Құрбан айт күн тойланып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу