27.06.2023
  88


Автор: Отан қорғаушылар күні

Аман болсын Әскери қызметкерлер

Аман болсын Әскери қызметкерлер,
Елімізді қорғайтын, қорғап жүрер.
Істеріңіз оң болсын Әскерилер,
Бір Алла боп сіздерді қолдап жүрер.

Саулықтарың лайым мықты болсын,
Қара суық, ыстық күнге дес бермейтін.
Әскерилер рухани мықты жандар,
Анау-мынау қиындық тең келмейтін.

Жүздеріңіз күлімдесін әрқашанда,
Арайлы таң қуантып, сыйлап бақыт.
Сәттілікте өтсінші, сыйластықта,
Әскерилер сіз үшін әрбір уақыт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу