07.06.2023
  74


Автор: Артюр Рембо

ДЕМОКРАТИЯ

«Ту – осынау ұсқынсыз табиғатты да әрлейді, сөздеріміз, ал біздің тастайды, тіпті, дауылпаздың үнін өшіріп.


Нағыз тәкаппар сайқалдықпен асыраймыз елдерді. Ақылы сау бұлқыныстарды жоямыз.


Кәне, алға, бұрышталған, тұздалған, ылғалданған елдерге! –


Ең аяусыз қанау менен тонауға индустриалды һәм әскери қызымет көрсету үшін тезірек!


 


Кездескенше, маңызды емес – кездесуіміз қай жерде. Жаңа келгендер еркімен жақындаймыз пәлсапаға қатыгез; ғылым үшін – надандар, жан рахаты үшін – бәріне дайындар, болашақ үшін – өлім.


Ақиқат жол, міне, осы. Алға, бас қадамды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу