Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.06.2023
77

ПАДИШАНЫҢ ТАҢЫ
Ғажап бір таңда, аласа жандар елінде,
жарасымды жұп бүкіл алаңға айқайды салды былай деп: «Достарым, қалаймын оның падиша қатын болғанын!» – «Падиша қатын болғым келеді!» –
Мәз-мәйрам болды ол күліп.
Достарына да жіберді ашық мәлімдеп, ақыры жайлы сынақтың. Бір-бірінің құшақтарында елжіреп.
Шынында, олар –
шұғыласы таңның шымқызыл шатырларына көтерілгенде үйлердің, тамылжып тұрған сәскеде,
бақ ішіндегі пальма ағаштардың астына сіңіп баратып, падиша менен падиша қатын болған-ды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter