Өлеңдер ✍️

  06.06.2023
  109


Автор: Әкелер күні

Әкем менің бақытым, байлығымсың

Әкем менің бақытым, байлығымсың,
Аспандағы жарқырар Ай, күнімсің.
Қорғанымсың маңдайдан жел өткізбес,
Пана болар, дем берер жайлығымсың.

Әкем менің ататын ақ таңымсың,
Арнап айтар өзіңе тәтті әнімсің.
Мақтанамын өзіңдей Әкем бар деп,
Қасымызда біздердің барың үшін.

Әкем менің өміріме шырай берер,
Жарқыратар жұлдызын, күн, ай берер.
Қуанамын Әкешім өзің барда,
Шүкір Алла, жақсымын мен-ай дер ем....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу