Өлеңдер ✍️

  30.05.2023
  84


Автор: Маржан Ершу

Жарығым менің!

Жарығым менің! 
Жаныма нәр берген, 
Жырыма әр берген, 
Өңіме сән берген 
Сені әсем жан көргем.
Жарығым менің! 
Сен күлсең, қуанам,
Сөйлесең, жұбанам. 
Мұңдансаң, мұзданам,
Бәрібір қызғанам. 
Жарығым менің! 
Қайтейін көнем де,
Сен дегенде! 
Жүрегімді толқытып
Айналдың өлеңге. 
Сағынам, іздеймін 
Сен барсың! 
Бұл ғажап әлемде
Жарығым менің! 



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу