Өлеңдер ✍️

  22.05.2023
  184


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Ана керек адамға

Осы күні, бізге қарап салмақты,
Ас дайындап, қолымен бал бармақты.
Абыр-сабыр, бауырсағын пісіріп,
Қазанынан, бір тегеш ет түсіріп,
Тары түйіп, талқан құртын дайындап,
Отыз күндік, оразамды уайымдап,
Сосын, бəрін жақсылықпен пайымдап,
«Сəресі» мен «ауыз ашар» арасын,
Дəл, менің Анашымдай, есептер,
Жанды қайдан, табасың...
Енді, маған өзіңдей жан қайда бар,
Баласы үшін, шыбын жаны шырқырап,
Шуағына айналар,
Жұмағына айналар...
Сізсіз, күтер ең алғашқы оразам,
Қамқоршым тек, АЛЛА бар!
Əрбір дұғам, ана саған арналар,
Əр тілегім, таңнан таңға жалғанар,
Қызың мұңлы, көзінде жас, көп арман,
Енді бұған, бар ма амал!
Мынау, байтақ ғаламда...
Көңілің тоқ жүру үшін,
Жайлы өмір сүру үшін,
Ана керек, адамға...
Ана керек, адамға..!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу