Өлеңдер ✍️

  21.05.2023
  58


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Түс емес, өңім...

Бәрі де болды. Бәрі анық:
Ерніңнен алау таралып,
Үңілдің ұзақ қадалып
Қолдарың тиді мамықтай,
Тәнті етті төсің, сағағың
Кеудеңде күйіп — жанамын.
Түс емес, өңім... Бәрі анық —
Баурадың, балқып барамын.
Түледі жаным, тәнім де,
Өзгеріп шықтым, жаңарып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу