Өлеңдер ✍️

  14.05.2023
  56


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Төрт бақыт

Араб еліне Аллам сыйлаған
Төрт құдіретті бақытты.
Жүрек төріндегі қуаныш пен батырлық
Ешқашанда сөнбеген.
Сәлде – сахара capбаз дары үшін
Патша тәжінен де бағалы.
Шатыр – жол бойына созылған,
Қанға түгел сөрелері боянған.
Болат, тас қабырғалардан да қатты,
Тау қыраттарынан да берік,
Қамауда тұсауланған қайсар сұлу қыздардың
Оқтын-оқтын кейде зарлап үндері шығар.
Өлеңіммен қызықтырып,
Жібек орамалдарынан гүлдер тердім,
Мұп-мұнтаздай, мөп-мөлдір, тап-таза әйелдері
Маған үмітпенен сенім арта қарады.
Дастархан түрлі тағамдарға толы, гүлдене жайнаған
Бәрі де тойға арналған.
Үйренуге келген небір жандар,
Дана, өсиетті сөздерді ұғып тыңдаған!

1815




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу