Өлеңдер ✍️

  09.05.2023
  55


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Аңшының кешкі әні

Серуен құрып, аң аулап келем далада,
Тоғайларды аралап, қолымда мылтық..
Сенің жарық нұр жүзің
Көз алдымда елестеп,
Ешбір ойымнан да кетпей қойды.
Ал сен қалқам, айтшы енді,
Тау мен даладағы дөңестер төмен келіп
Қосылған жерде, қиялда аққан өзендерден,
Көрдің бе менің ең болмағанда көлеңкемді?
Мейлі көлеңке болсын,
Көзге де көрінбейтін.
Қашқанменен сенен аулақ алыс,
Батысың мен шығысыңа,
Тек өз бақытын жоғалтпасын?
Сені ойласам жадырап, жазылып бойым,
Көңілдегі қара бұлт сейіліп кеткендей.
Толған жарық айға қадала қарап көзім,
Тоя қанағаттанып қалғандай.

1776




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу