Өлеңдер ✍️

  09.05.2023
  126


Автор: Қуаныш Оспан

Такси

– Ақшаң болса апарамын қайда да, –
Деп такси шал жымияды қуақы.
– Қолыңыздан келмейді, – деп жай ғана,
Жымиямын, ал, апарсаң міне ақы!

– Астана ма, әлде ауыл, аудан ба,
Мен бармайтын жер жоқ, сірә, төлесең.
Көлігімнің ұсқынына алданба,
Зуылдайды, жылы ескілеу демесең!

– Өткен шаққа келер менің оралғым,
Іңкәріме жиі-жиі хат жазған.
Тек сол кезді сағынатын боп алдым,
Әттең, бірақ, ол – мәңгілік тәтті арман.

Арманыма, бақытыма алып бар,
Сол жанды ойлап қалмас менде тағат та.
Керек десең бар ақшамды алып қал,
Ол – “сүйем” деп жеткіз айтқан сағатқа!

…Такси шалым жүре қолын сермейді,
“Мекенжайы болмайды“, деп Бақыттың.
Айттым ғой мен, қолыңыздан келмейді,
Машинасы керек маған Уақыттың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу