30.04.2023
  128


Менің арман-мақсатым

Арман…Кез келген адам арманымен қоса туылады,ол арман уақыт өте келе мақсатта айналып,іс-әрекетке көшкен жағдайда ғана шынайы түрде орындалады.Арман орындалуы үшін біреуге көп,ендігі біреуіне аз уақытта жетіп асады.Дана қазақ халқымыз:


«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең»демекші,әр адамның ойында бала көңіл арманы мен алға қойған мақсаттары бары хақ.Біреу ақ халатты абзал жан болғысы келсе,бірі өлмейтін мамандық деп аталып кеткен,жас ұрпақты біліммен өсіретін ұлағатты ұстаз болуды қалайды.Әрине,бұл арман өзінің белгіленген уақытында орындалары сөзсіз.


     Өзіме келер болсам,менде арман да,мақсат та жетерлік.Қайсы бірін айтайын…


Осы күніме шүкіршілік айта келе,ең керекті мамандықта оқып жатқанымды мақтана жар салғым келеді.Ол – журналист.Бұл да өз кезеңінде арман болатын,уақыт өте мектепті тәмәмдаған сәттен-ақ мақсатта айналып,енді міне сол кішкентай арманым көз алдымда орындалды әлі де орындалып жатыр.Мұны өзімнің үлкен жетістігім деп білемін.Мен үшін арман сөзі – мақсат қоя білгенде орындалатын іс-әрекет.Кейбір жандар армандаймын деп қиялына ерік беріп жатады,ал қиял орындала ма?Әрине жоқ! Ал арманды мақсатқа оңай айналдыруға болады,ол үшін сенің алға қарай талпынысың мықты әрі нақты болуы шарт.


    Менің кезекті арманым – өз кәсібімді ашып,әрі қарай дөңгелету.Бұл жай арман ғана.Өзімді сол кәсіпке толығымен лайық көргенде,оқуымды бітіргенде ғана арманымды орындауға барымды саламын деп ойлаймын.Бір жақсылықтың болатынына сенемін.Оған қоса бәсекеге қабілетті,мықты кәсіпкер болуды да армандаймын.Күндердің бір күнінде бұл арманымда шындыққа айналар бәлкім…


    Санамда әр түрлі ой,арман және мақсат.Соның тағы бір мысалы,шетел аралау,саяхаттау.Бұл көп адамның арманы екені анық.Мен саяхаттау арқылы өзімнің дүниетанымымды кеңейткім келеді,сонымен қатар Жаратушы Иенің жаратқан нәрселеріне ғашық көзбен қарауды қалаймын.Шет ел аралау деген менің ойыммен,әр елдің ішкі және сыртқы мәдениетімен танысу,қызығу және ләззат алу.Осынау керемет сезімді кім сезінгісі келмейді десеңізші…Осылай өзімнің арман-мақсатымды жаза келе,келешек жастарға азды-көпті кеңесіммен бөліскім келеді.


  •Армандай біліңіз!Мүмкін арман ол сіздің болашағыңыздың келбеті,мүмкін сіздің барлық ғұмырыңыз!


  •Арманды уақыт созбай мақсатта айналдыруды үйреніңіз.Бос уақыт сіздің арманыңыздың орындалуына кесірігін тигізеді.


•Ойыңыздағы арманды орындауға тырысыңыз,барыңызды салыңыз.Себебі сіз ол арманды жай армадаған жоқсыз,сіз керісінше солай болуын қаладыңыз,сондықтан өз арманыңыз үшін аянып қалмаңыз!


 


Автор:Құбығұлқызы Ақсындар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу